«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 тамыздағы № 898 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару деңгейлері арасында
өкілеттіктердің аражігін ажырату жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабының 14) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының жинақы және тиімді атқарушы билігін құруға, мемлекеттік басқару жүйесін реттеу мен оның тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мақсатында және біртұтас мемлекеттік құрылыс қағидаттарына негіздей отырып қаулы етемін:
1. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің аражігін ажыратуға, орталық және жергілікті атқарушы органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға негізделген мемлекеттік басқарудың мынадай қағидаттары айқындалсын:
1) атқарушы органдар жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық етуді жүзеге асыратын орган ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметіне мынадай негізгі бағыттар бойынша:
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуінің негізгі бағыттарын әзірлеу және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастыру;
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру;
мемлекеттің сыртқы саясатын жүргізу жөніндегі шараларды тұжырымдау;
мемлекеттік валюталық, қаржылық және материалдық ресурстарды құру мен пайдалану кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
еңбекақы төлеу, азаматтардың «әлеуметтік қорғалуы, мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру жүйесі мен шарттарын қалыптастыру;
Демо – версия документа