«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 6 мамырдағы № 4-4/256 бұйрығымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 1 қазандағы № 15-05/873 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 6 мамырдағы
№ 4-4/256 бұйрығымен
бекітілген
«Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы бөлім
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комиетінің аумақтық инспекциялары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысны: электрондық (ішінара) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде - қарантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар (бұдан әрі - фитосанитариялық сертификат) қағаз жеткізгіште беру;
2) порталда - электрондық құжат нысанындағы фитосанитариялық сертификаттың дайындығы туралы хабарлама.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген ««Карантинге жатқызылған өнімді Қазақстан Республикасына тыс жерлерге әкетуге фитосанитариялық сертификаттар беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Стандарт) мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес өтініші және Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың болуы немесе қызмет алушының электрондық сұрауы негіз болады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), оны орындау ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа