Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл туралы хаттама (Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) (2024.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Еуразиялық экономикалық

одақ туралы шартқа

№ 3 ҚОСЫМША

 

 

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және Еуразиялық экономикалық

одақ шеңберіндегі ақпараттық өзара іс-қимыл туралы

ХАТТАМА

(2024.25.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

1. Осы Хаттама ақпараттық өзара іс-қимылдың негіз қалаушы қағидаттарын айқындау және оның Одақ шеңберінде жүзеге асырылуын үйлестіру, сондай-ақ интеграцияланған ақпараттық жүйе құру және дамыту тәртібін айқындау мақсатында Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың (бұдан әрі - Шарт) 23-бабына сәйкес әзірленді.

2019 ж. 1 қазандағы Хаттамамен (2021 ж. 15 шілдеден бастап күшіне енді) (бұр.ред.қара); 2023 ж. 25 мамырдағы Хаттамамен (2024 ж. 25 сәуірде күшіне енді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Осы Хаттамада пайдаланылатын ұғымдар мыналарды білдіреді:

«электрондық құжаттың қағаз көшірмесі» - мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген тәртіппен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі электрондық құжаттың көшірмесі;

«сенім білдірілген үшінші тарап» - мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес электрондық құжатқа қол қойған тұлғаға қатысты тіркелген уақытта электрондық құжаттарға электрондық цифрлық қол қойылғанын тексеру қызметін жүзеге асыру құқығы берілген ұйым;

«мүше мемлекеттің ұлттық сегментіне тапсырыс беруші» - мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес айқындалатын мүше мемлекеттің ұлттық сегментін құру, дамыту және пайдалану жөніндегі жұмыстардың тапсырыс берушісі мен ұйымдастырушысының функцияларын орындайтын мүше мемлекеттің мемлекеттік органы;

«ақпаратты қорғау» - ақпараттық өзара іс-қимыл субъектілері үшін қабылданбайтын тәуекелдерді болдырмау және барынша азайту мақсатында ақпараттың және оны өңдеу құралдарының құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін айқындау, оларға қол жеткізу және қолдау жөніндегі құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін қабылдау және іске асыру;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции