«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметінің регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 877 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
2-қосымша
«Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық
ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс және ақпараттандыру комитеті (бұдан әрі - қызмет беруші) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен бекітілген «Электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің мемлекеттік тіркелімінде тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі- Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы қағаз тасығыштағы куәлік (бұдан әрі - Куәлік) беру не қағаз тасығышта қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) әрекеттері
тәртібінің сипаты
4. Қызмет берушінің Стандарттың 8-тармағына сәйкес ақпараттық ресурстарды және/немесе ақпараттық жүйелерді тіркеу туралы өтінімді (бұдан әрі - Өтінім) алуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
Документ утратил силу
Демо – версия документа