«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметінің регламенті (Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 209 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 877 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Көлік
және коммуникация министрінің
2014 жылғы 26 наурыздағы
№ 209 бұйрығына
1-қосымша
«Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен
нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу»
мемлекеттік қызметінің регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - қызмет беруші) «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің ақпараттандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 136 қаулысымен бекітілген «Ақпараттық жүйелерді, бағдарламалық өнімдерді, бағдарламалық кодтар мен нормативтік-техникалық құжаттаманы депозитке салу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі- Стандарт) негізінде көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі депозитке салу объектісінің депозитарийде тіркелгені туралы қағаз тасығыштағы анықтама беру (бұдан әрі - анықтама), немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
2. Қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету барысындағы
әрекеттерінің сипаты
4. Қызмет берушінің Стандарттың 8-тармағында қарастырылған құжаттардың тізбесін алуы мемлекеттік қызмет көрсету рәсімін (әрекеттерін) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оның орындалу уақытының ұзақтығы:
Документ утратил силу
Демо – версия документа