«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 16 мамырдағы № 227 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Қаржы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 394 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
Орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 16 мамырдағы
№ 227 бұйрығына 1-қосымша
«Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы, www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық және (немесе) қағаз жүзінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі - куәлік), куәлікті қайта ресімдеу немесе мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы уәжделген жауап болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық
бөлімшелердің көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің)
әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет «Бухгалтерлік есеп пен аудит саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1448 қаулысымен бекітілген «Бухгалтерлерді кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік беру» мемлекеттік қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (әрекеттер) мазмұны:
1) электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) тіркеу нөмірін бере отырып, көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау, басшылыққа бөлу үшін беру - жиырма минуттан кем емес;
Документ утратил силу
Демо – версия документа