«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 664 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 17 маусымдағы
№ 664 қаулысымен
бекітілген
«Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тіркеуді жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ветеринария мамандарын тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - көрсетілген қызметті беруші) жүргізеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушілердің кеңселері, сондай-ақ www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алған сәтке дейін - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алғанға дейін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушыға оны ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын мамандар Тізіліміне енгізу немесе енгізбеу туралы хабарламаны жолдау.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну нысаны: электрондық түрде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа