Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 5 мамырдағы № 153 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 тамыздағы № 880 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары-

Қазақстан Республикасы Индустрия

және жаңа технологиялар министрінің

2014 жылғы 5 мамырдағы

№ 153 бұйрығына

3-қосымша

 


«Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының

 мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны - электронды (жартылай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі сәйкестікті растау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор аттестатын (бұдан әрі - аттестат) немесе тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудитордың біліктілік аттестаттын (бұдан әрі - біліктілік аттестаты), сарапшы-аудитор аттестатының телнұсқасын немесе біліктілік аттестатын беру болып табылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-әрекеттері тәртібін сипаттау

 

4. Рәсімді (іс-әрекетті) бастау негізі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 175 қаулысымен бекітілген «Сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторды аттестаттау» мемлеткеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес, құжаттар тізбесін қоса бере отырып, заңды және жеке тұлға үшін белгіленген нысанда өтініш беру болып табылады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку