«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 139-ө бұйрығына 7-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 407 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2014 жылғы 1 сәуірдегі.
№ 139-ө бұйрығына
7-қосымша
«Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау»
мемлекеттік қызметті көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметті көрсету регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 217 қаулысымен бекітілген «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (бұдан әрі - жәрдемақы) тағайындау рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - уәкілетті ұйым);
жәрдемақы тағайындауға алғаш рет жүгінген жағдайда - Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
жәрдемақы тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа