«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 840 Жарлығына түсіндірме
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 840 Жарлығына
түсіндірме
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Жарлық нәтижеге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің (МЖЖ) жетілдіру тұжырымдамасының негізгі тәсілдерін іске асыру үшін әзірленген.
Атап айтқанда, Жарлықта құжаттардың жаңа бағыныстылық сатысын үш деңгейге бөле отырып құру көзделген.
Бірінші деңгейдегі құжаттарға түйінді басымдықтары мен бағдарлары бар, ел дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын құжаттар - Қазақстанның 2050 жылға дейінгі Даму стратегиясы, Қазақстан Республикасының 10 жылға арналған стратегиялық даму жоспары, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы жатады.
Демо – версия документа