«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 маусымдағы № 625 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 маусымдағы № 625 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 наурыздағы № 112 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1589 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 89, 1095-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) 2014 - 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
«Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3.1-бөлімде:
«Тауар нарықтарында бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу» деген 1-стратегиялық бағытта:
«Тауар нарықтарында тиімді бәсекелестікті құру арқылы нарық субъектілері мен тұтынушылардың әл-ауқатын арттыру» деген 1.1-мақсатта:
«Тауар нарықтарын монополиясыздандыру» деген 1.1-міндетте:
«Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
«
5. Табиғи монополиялар субъектілері қызметінің салаларын олардан жұмыстардың жекелеген түрлерін бәсекелес ортаға бөліп шығару тұрғысынан талдау | Х | - | - | - | - |
»;
«Бәсекелес ортаның жай-күйін жақсарту» деген 1.2-міндетте:
«Тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шаралар» деген бөлім мынадай мазмұндағы 5-жолмен толықтырылсын:
«
5. Бәсекелестікті шектейтін нормаларды анықтау және жою тұрғысынан нормативтік құқықтық базаға талдау жүргізу | Х | - | - | - | - |
»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа