Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті (Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 116 бұйрығының 5-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 396 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Экономика және бюджеттік

жоспарлау министрінің

2014 жылғы 28 сәуірдегі

№ 116 бұйрығының

5-қосымша

 

 

«Тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті көрсетеді (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші).

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Орталық);

2) www.e.gov.kz  «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы тауар биржалары саласында брокерлік қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жолданады.

Лицензия электрондық нысанда беріледі. Көрсетілетін қызметті алушы лицензияны қағаз тасығышта алуға өтініш білдірген жағдайда, лицензия электрондық форматта рәсімделіп, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен расталады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы не оны алмастыратын адам қол қояды.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.

 

 

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку