Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 549 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 21 қарашадағы № 934 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің

2014 жылғы 27 мамырдағы 

№ 549 қаулысымен бекітілген

 

 

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз



1. Жалпы ережелер

 

1. «Қазақ тілін білу деңгейін бағалау (ҚАЗТЕСТ)» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап - 3 (үш) сағат;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 25 минуттан аспайды;

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттарына сәйкес қазақ тілін меңгеру деңгейлерінің бірі: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары және жоғары деңгейлері бойынша тілді меңгергендігін растайтын мемлекеттік сертификат.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы түрде көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку