Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2014 жылғы 27 наурыздағы № 102 бұйрығына 2-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрiнiң орынбасары -

Қазақстан Республикасының

Индустрия және жаңа

технологиялар министрiнiң

2014 жылғы 27 сәуірдегі

№ 102 бұйрығына

2-қосымша

 

 

«Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті


1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетеді.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.

 

 

2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде құрылымдық
бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы

 

4. Мемлекеттiк қызметті көрсету бойынша рәсiмдi (iс-қимылдар) бастауға негiздеме Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 қаулысымен бекітілген «Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң транзитіне рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы қосылған көрсетiлетiн қызмет алушының өтiнiшi не электронды сұрау салуы болып табылады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

1-рәсiм - көрсетілетін қызметті беруші кеңсесiнiң маманы құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады, оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына жiбередi;

2-рәсiм - көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы қарар жазады және құжаттарды басқармасының басшысына қарауға жiбередi;

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку