«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрiнiң 2014 жылғы 27 наурыздағы № 102 бұйрығына 1-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а 2015 жылғы 28 мамырдағы № 619 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Индустрия және жаңа
технологиялар министрiнiң
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 102 бұйрығына
1-қосымша
«Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттiк қызметті Министрлiктің Өнеркәсiп комитетi (бұдан әрi - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетедi, оның ішінде «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi - тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндiру), химия өндiрiстерiн жобалау (технологиялық) және (немесе) пайдалану бойынша қызметтi жүзеге асыруға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшанының телнұсқасы немесе мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
2. Мемлекеттiк қызметті көрсету процесiнде құрылымдық
бөлiмшелер (қызметкерлер) мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң
iс-қимыл тәртiбiнің сипаттамасы
Документ утратил силу
Демо – версия документа