Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2010.10.12 № 1343 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2014 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2013.04.12. № 1305 Қаулысымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2010 жылғы 10 желтоқсандағы

№ 1343 қаулысымен

бекітілген

 

 

Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен
концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау
қағидасы

(2013.04.12. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Концессия шарттарына мониторинг жүргізу, бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуын бағалау қағидасы (бұдан әрі - Қағида) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 158-бабының 4-тармағына, сондай-ақ «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленді.

2. Осы Қағида концессия шарттарының мониторингі, соның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалардың мониторингі және олардың іске асырылуына бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.

 

 

2. Концессия шарттарының мониторингін жүргізу тәртібі

 

3. Республикалық және коммуналдық меншіктегі концессия объектілері бойынша концессия шарттарының мониторингі ақпарат жинау, концессия объектісін нысаналы мақсаты бойынша пайдалану және қолдану және тиісінше жай-күйде сақтау бөлігінде жай-күйді талдау, бағалау және болжамдау жүйесін білдіреді.

4. Концессия шарттарының мониторингін:

республикалық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша - жергілікті атқарушы органдардар жүзеге асырады.

5. Концессия шарттары мониторингінің міндеттері:

1) концессия объектілерін басқару тиімділігін талдау, сондай-ақ мемлекеттік мүліктің жай-күйін бағалау;

2) концессияға берілген мемлекеттік мүлікке залал келтіретін нысаналы емес пайдалану жағдайларының алдын алу, қажет болған жағдайда мемлекеттік мүлікті тиімді басқару бойынша ұсынымдар әзірлеу;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку