«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 400 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 24 қарашадағы № 941 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 сәуірдегі
№ 400 қаулысымен
бекітілген
«Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы не www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:
радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру - күнтізбелік 10 (он) күн ішінде;
2) көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минут;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.
5. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсат беру.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз және/немесе электрондық түрде.
Радиоберуші аппаратураны пайдалануға рұқсатты көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы өзі келгенде, берілген куәліктерді есепке алу және тіркеу журналына қол қойғызып береді.
Документ утратил силу
Демо – версия документа