«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 152 бұйрығымен бекітілген) (2014.23.06. берілген толықтырулармен) (күші жойылды)
ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 30 мамырдағы № 495 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 152 бұйрығымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
(2014.23.06. берілген толықтырулармен)
1. «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 10-бабы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктерге тұруға ықтиярхаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасында азаматтығы жоқ адамдарға куәліктер мен шетелдіктің тұруға ықтиярхаттарын беру рәсімін айқындайды.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің www.mvd.gov.kz интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының аумақтық көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі - көші-қон полициясының бөліністері) көрсетеді.
3. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
Документ утратил силу
Демо – версия документа