Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 393 Қаулысы (күші жойылды)

«Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 сәуірдегі № 393 Қаулысы

 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 10 тамыздағы № 636 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 қарашадағы № 1149 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 45, 529-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің ережесінде:

5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (БСН);»;

6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«6. Тапсырыс берушілердің тізілімін қалыптастыру осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректері негізінде веб-портал арқылы автоматты түрде жүзеге асырылады. Бұл ретте тапсырыс беруші веб-порталда ол әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей тіркеледі. Қайта ұйымдастырылған (таратылған) не тапсырыс берушінің әділет органындағы тіркеу деректері өзгерген жағдайда, тапсырыс беруші осындай жағдайлар әділет органдарында тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде веб-порталдағы тапсырыс берушінің тіркеу деректеріне өзгертілген мәліметтерді енгізеді.»;

7-тармақ алынып тасталсын;

13-тармақта:

4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«4) конкурс қорытындылары, аукцион қорытындылары, бір көзден сатып алуды өткізу қорытындылары, баға ұсыныстарын сұратуды жүргізу қорытындылары шығарылған күн, сондай-ақ шарттың жасалу негізін растайтын құжаттың деректемелері;»;

8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку