«Автомобиль жолдары саласындағы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 160 бұйрығы (күші жойылды)
Автомобиль жолдары саласындағы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 160 бұйрығы
ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 28 мамырдағы № 624 бұйрығымен күші жойылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес «Республикалық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы жолдарға кірме жолдарды және оларға жалғасатын жолдарды салуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа