«Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 786 Жарлығы (күші жойылды)
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы және «Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтыру енгізу туралы
ҚР Президентінің 2017 жылғы 14 ақпандағы № 420 Жарлығымен күші жойылды
Осы Жарлыққа түсініктеменіқараңыз
Қазақстан Республикасын ұзақ мерзімді кезеңде су ресурстарымен орнықты қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемін:
1. Қазақстанның су ресурстарын басқару мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір ай мерзімде әзірлеп, бекітсін;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында белгіленген мерзімде және тәртіппен енгізсін.
Документ утратил силу
Демо – версия документа