(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТЫҚ БАНКІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2005.17.11 № 147 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2005 жылғы 17 қарашадағы № 147 Қаулысы
(2012.24.08. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2014 жылғы 3 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппараты құрылымының өзгеруіне және оның бөлімшелері орындайтын функцияларды нақтылауға байланысты, сондай-ақ консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізуге байланысты мәселелерді реттеу мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бөлімшелерінің арасында функцияларды бөлуге байланысты мәселелер бойынша, сондай-ақ осы қаулының қосымшасына сәйкес консервация режимінде тұрған банктің корреспонденттік шотын жүргізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Төлем жүйелері департаменті (Мұсаев Р.Н.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары А.Р.Елемесовке жүктелсін.
Ұлттық Банк
Төрағасы
Қазақстан Республикасының
Редакция документа
Демо – версия документа