«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 7 наурыздағы № 762 Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламада:
«Бағдарламаның мақсаты, басымдықтары, міндеттері мен принциптері» деген бөлім мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«білім — ғылым — инновация - білікті кадрларды даярлау, ғылым жетістіктері, нарықта сұранысқа ие инновациялық технологиялар мен өнімдердің жаңа түрлерін жасау арасындағы өзара тығыз байланысты қамтамасыз ету үшін базалық құрамдауыш.»;
«Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары» деген бөлімде:
«1. Экономиканы әртараптандыруды және оның бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін басым секторларын дамыту» деген кіші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Экономиканы әртараптандыруды және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін оның басым секторларын дамыту
Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің катализаторларына айналатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторларды озыңқы дамытуға бағытталатын болады.
Мемлекеттің күш-жігері экономиканың мынадай басым секторларын дамытуға шоғырландырылады:
1) дәстүрлі: кейіннен шикізат өндірістерінен анағұрлым жоғары қайта өңдеулерге көше отырып мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, атом және химия өнеркәсібі;
Демо – версия документа