«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 22 Бұйрығы
«Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 24 қаңтардағы № 22 Бұйрығы
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. «Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 31 қаңтардағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7447 тіркелген, 2012 жылғы 26 мамырдағы - 156 (26973-26975) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нотариустардың нотариаттық іс-әрекет жасау ережесінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Заңның 42-бабына сәйкес нотариус нотариаттық іс-әрекет жасаған кезде нотариаттық іс-әрекет жасауды өтінген адамның жеке басын анықтайды.
Нотариаттық іс-әрекет келесі жеке басты куәландыратын құжаттарымен жасалады:
1) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;
2) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;
3) шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат;
4) азаматтығы жоқ адамның куәлігі;
5) туу туралы куәлік;
6) шетелдік паспорты.
16 жасқа толмаған, кәмелетке толмаған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.
16 жасқа толмаған, кәмелетке толған адамның жеке басын баланың заңды өкілдерінің бірі жеке басын куәландыратын құжатпен анықтайды, сондай-ақ, кәмелетке толмаған адамның туу туралы куәлігінің және баланың заңды өкілдерінің бірінің жеке басын куәландыратын құжатының негізінде растайды.»;
102-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
Демо – версия документа