Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті туралы ереже (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығына 2-қосымша) (2014.04.05. берілген толықтырулармен) (алып тасталды)

ҚР Ішкі істер министрінің 2014.27.10. № 738 бұйрығымен алып тасталды

 

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2011 жылғы 27 қазандағы

№ 565 бұйрығымен бекітілген

№ 2 қосымша

 

 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті туралы
ереже
(2014.04.05. берілген толықтырулармен)

 


1. Жалпы ережелер

 

1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті (бұдан әрі - Тергеу комитеті) Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

2. Тергеу комитеті өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің заңдарын, актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді және осы Ережені басшылыққа алады.

3. Тергеу комитетінің құрылымын, штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Ішкі істер министрі бекітеді.

4. Тергеу комитеті:

1) Басшылықтан;

2) Әскери-тергеу басқармасынан;

3) Бақылау-әдістемелік басқарманан;

4) Алдын ала тергеуді талдау басқармасынан;

5) Аймақтық бақылау және алдын ала тергеуді ұйымдастыру басқармасынан;

6) Анықтау жұмысын ұйымдастыру басқармасынан;

7) Ұйымдасқан қылмыс туралы істерді тергеу басқармасынан;

8) Экстремизмге және есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты істерді тергеу басқармасынан;

9) Аса қауіпті қылмыстарды тергеу басқармасынан;

10) Ауыр мүліктік қылмыстарды тергеу басқармасынан;

11) Аса маңызды істер жөніндегі бас тергеушілер бөлімінен тұрады.

5. Тергеу комитеті мемлекеттiк мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегi бланкiлерi болады, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық органдарында шоттары болуы мүмкiн.

Тергеу комитеті өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы.

Егер Тергеу комитетіне заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, ол мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции