«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 188 Қаулысы (күші жойылды)
«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 188 Қаулысы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Субъектілерге жаңа үлгідегі таңбаларды беруді салық органы жүзеге асырады.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және салық органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.»;
25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«25. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына салық органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс.
Документ утратил силу
Демо – версия документа