Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Тауарлардың жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импортына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 667 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 25 ақпандағы

№ 149 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Тауарлардың жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импортына рұқсат беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Тауарлардың жекелеген түрлерін Қазақстан Республикасының аумағына импорттауға рұқсат беру» мемлекеттік қызметінің регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Тауарлардың жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасының аумағына импортына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Сауда комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті беруші;

2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде;

қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 20 (жиырма) минуттан аспайды;

2) портал арқылы жүгінген кезде - 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

5. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қоятын және көрсетілетін қызметті берушінің мөрімен куәландырылатын электрондық құжат нысанында немесе қатаң үлгідегі бланкіде жекелеген тауар түрлерін импорттауға берілетін рұқсат.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку