«Талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына сандық шектеулерді қолданбай лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 149 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 667 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 149 қаулысымен
бекітілген
«Талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына сандық шектеулерді қолданбай лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
«Талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың импортына сандық шектеулерді қолданбай Қазақстан Республикасының аумағына лицензия беру, қайта рәсімдеу, лицензия төлнұсқасын беру» мемлекеттік қызметінің регламентін қараңыз
1. «Талқылау объектілері болып табылатын тауарлардың Қазақстан Республикасының аумағына импортына сандық шектеулерді қолданбай лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Сауда комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:
1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметті автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО);
2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) ХҚО-ға жүгіну кезінде - 10 (он) жұмыс күні ішінде (құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді, бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ХҚО-ға мемлекеттік қызметті көрсету мерзімінің аяқталуына бір күн қалғанда береді);
Документ утратил силу
Демо – версия документа