Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Ұйымдарды және сынақ зертханаларды техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 4 наурыздағы

№ 173 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Ұйымдарды және сынақ зертханаларды техникалық куәландыруды жүргізу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

«Ұйымдарға және сынақ зертханаларына техникалық куәландыру жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Ұйымдарды және сынақ зертханаларды техникалық куәландыруды жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің «Қазақстан кеме қатынасының тіркелімі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тану туралы куәлікті беру.

7. Мемлекеттік қызмет «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Министрлік белгілейтін бағалар бойынша ақылы негізде көрсетіледі.

Тану туралы куәлікті беру үшін 57 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады.

Тану туралы куәлікті растау үшін 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады.

Тану туралы куәлікті растау үшін 21 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем алынады.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку