«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 150 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 150 қаулысымен
бекітілген
«Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін басқару жүйелерін субсидиялау» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мынадай мерзімдерде көрсетіледі:
1) мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қарау - көрсетілетін қызметті алушылардан құжаттар қабылдау мерзімі аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні;
субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару - тиісті жылдың 20 қарашасынан кейін жиырма бес жұмыс күні ішінде;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан көп емес;
3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - субсидияларды көрсетілетін қызметті алушының банк шотына аудару.
7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда басқа күндері, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
Документ утратил силу
Демо – версия документа