«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 15 ақпандағы № 94 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 43 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 15 ақпандағы
№ 94 қаулысымен
бекітілген
«Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - «Мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік қызмет облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезде:
лицензия беру кезінде - 10 (он) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияны қайта ресімдеу кезінде - 7 (жеті) жұмыс күнінен кеш емес;
лицензияның телнұсқасын беру кезінде - 2 (екі) жұмыс күнінен кеш емес;
2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
3) рұқсат етілген ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсетуге лицензия (бұдан әрі - лицензия), қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден жауаптан бас тарту туралы.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Документ утратил силу
Демо – версия документа