Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы № 78 қаулысымен бекітілген) (күші жойылды)

ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1108 Қаулысымен күші жойылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 12 ақпандағы

№ 78 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді
 (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия
беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - «Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

 

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi

 

4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру сәтінен бастап:

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін - 15 (он бес) жұмыс күні;

лицензияны қайта ресімдеу үшін - 7 (жеті) жұмыс күні;

лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 (екі) жұмыс күн;

құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты - 30 (отыз) минут.

2) порталға жүгінген сәттен бастап:

лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін - 10 (он) жұмыс күні;

лицензияны қайта ресімдеу үшін - 7 (жеті) жұмыс күні;

лицензияның телнұсқасын беру үшін - 2 (екі) жұмыс күні.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку