«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 354 бұйрығы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 354 бұйрығы
ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8397 болып тіркелген, 2013 жылғы 14 маусымдағы № 148 (28087), 21 маусымдағы № 153 (28092) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
637 «Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қазақстан Республикасы Конституцияның республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Қазақстан Республикасы Конституциясының республика аумағында жоғары тұруын қамтамасыз ету»;
2 «Қаржылық қызмет» функционалдық кіші тобында:
217 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету және оның атқарылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер»;
016 «Жекешелендiру, мемлекеттік мүлiктi басқару, жекешелендiруден кейiнгі қызмет, осымен байланысты дауларды реттеу» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа