Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1128 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 31 тамыздағы

№ 1128 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
 мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Іздестіру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары және жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz  немесе «электрондық лицензиялау» порталы: www.elicense.kz  (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының 32-бабының 3-тармағына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2) тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz;

2) орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz;

3) орталықтың филиалдарындағы стенділерде;

4) порталда орналастырылады.

Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталықтың телефоны бойынша (1414) алуға да болады.

5. Мемлекеттік қызметтің нәтижесі порталда уәкілетті органның уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған электрондық құжат нысанында іздестіру қызметіне лицензия, лицензияның телнұсқаларын беру немесе электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті беруден дәлелді бас тарту болып табылады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку