(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2013.09.07 № 699 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 699 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 401-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімінде:
реттік нөмірлері 184 және 185-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
«
184 | «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау | Жеке тұлғалар | БҒМ | «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы | ХҚО, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы | Қағаз, электрондық нысанда (қолхат) |
185 | Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау | Жеке тұлғалар | БҒМ | БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті, ҚР БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК | ХҚО, БҒМ «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» ШЖҚ РМК | Қағаз нысанында (куәлік) |
»;
Редакция документа
Демо – версия документа