(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2011.29.09 № 1112 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 29 қыркүйектегі № 1112 Қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі «Инфракос» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Инфракос-Экос» еншілес мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Ғарыш-Экология» ғылыми-зерттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі - кәсіпорын) қайта құру арқылы қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып айқындалсын.
3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш-зымыран қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер болып айқындалсын.
4. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Редакция документа
Демо – версия документа