(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 08.09.03 Ж. № 904 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 8 қыркүйектегі № 904 қаулысы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғат паркi» мемлекеттік мекемесi оған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Зерендi балық питомнигi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен;
2) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетi «Қаныш Сәтбаев атындағы арна» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны оған Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Шiдертi уылдырық шашу-өсiру шаруашылығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен;
3) Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қарағанды балық питомнигi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны оған Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі «Жезқазған балық питомнигi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
Редакция документа
Демо – версия документа