(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 26.08.03 Ж. № 866 ҚАУЛЫСЫ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 26 тамыздағы № 866 қаулысы
(2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрлігі» деген бөлім және реттік нөмірі 17, 19-жолдар алынып тасталсын;
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 99, 100, 101, 102-жолдар алынып тасталсын;
реттік нөмірі 106-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«106. «Қарағандыликвидшахт» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығында) Қарағанды қаласы»;
«Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті» деген бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттігі»;
2) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«1. АЛА - 000079 «Академик Шөкин атындағы Қазақ энергетика
ҒЗИ» ААҚ
2. АЛА - 005032 «ТрансПетролеум» ААҚ
Редакция документа
Демо – версия документа