«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 1007 Қаулысы
«2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 1007 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1520 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Жұмыспен қамту 2020 жол картасы шеңберіндегі іс-шараларды іске асыруға көзделген қаражаттан 80 958 033 мың теңге мөлшеріндегі сома:
1) мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін 21 599 686 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді аудару үшін: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне кадрларды кәсіби даярлауға 10 227 358 мың теңге;
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 11 372 328 мың теңге, оның ішінде:
еңбекақыны ішінара субсидиялауға - 3 716 951 мың теңге;
кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға - 361 687 мың теңге;
көшуге субсидия беруге - 26 682 мың теңге;
халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін қамтамасыз етуге - 2 908 647 мың теңге;
кадрлардың біліктілігін арттыруға және қайта даярлауға - 1 069 162 мың теңге;
жастар практикасына - 3 083 122 мың теңге;
жұмыспен ішінара қамтылған жалдамалы қызметкерлерді қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға - 70 653 мың теңге;
ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына - 135 424 мың теңге;
2) мынадай іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлiгiне 5 343 892 мың теңге сомасында облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне берілетін нысаналы даму трансферттерін аудару үшін:
қызметтік тұрғын үй салуға және (немесе) сатып алуға - 2 749 112 мың теңге;
Демо – версия документа