(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.31.08 № 1129 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН
Осы редакция 2013 жылғы 7 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1129 қаулысымен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламентiн қараңыз
1. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына мекенжай бойынша: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 11 үй, «Эталон орталығы» ғимаратында көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет алушыда электронды-цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда, «www.e.gov.kz электрондық үкімет веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы көрсетіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа