Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2000.24.05 № 779 ҚАУЛЫСЫ

Қазақстан халқы тарихи-мәдени мұрасының кейбір объектiлерiн сақтау жөніндегі қосымша шаралар туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000
жылғы 24 мамырдағы № 779 Қаулысы

(2003.26.11. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шiлдедегi және «Мәдениет туралы» 1996 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан халқының тарихи-мәдени объектiлерiне жататын қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды сақтау және ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетiнiң «Алтын және қымбат бағалы металдар мұражайы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсiпорыны, оның негізгi мiндеттерi қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұраны есепке алу, анықтау, зерттеу, күтiп ұстау, сақтап қою, жаңғырту, қайта туындату, мұражайландыру және насихаттау болып белгіленiп, «Алтын және қымбат бағалы металдар мемлекеттік мұражайы» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрi - Мұражай) етiп өзгерту жолымен қайта құрылсын.

2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлiгі заңнамада белгіленген тәртiппен:

бiр айлық мерзiмде Мұражайдың жарғысын бекітіп, оның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн;

екi айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының Yкіметiне қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұра объектiлерiн Мұражайға сақтауға берушi меншiк иелерiн материалдық және моральдық көтермелеу шаралары туралы ұсыныстар енгізсiн;

үш айлық мерзiмде Қазақстан Республикасының мемлекеттік мұражайлары қорларында, сондай-ақ жеке жинақтамаларда тұрған қымбат бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған тарихи-мәдени мұраның объектiсiн Мұражайдың сақтауына берудi ұйымдастырсын;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку