(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР 1999 Ж. 13 ШІЛДЕДЕГІ № 416-I ЗАҢЫ
Қазақстан Республикасының
Заңы
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы
(2013.08.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2013 жылғы 4 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен тақырыбы және кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен мәтін бойынша «террористік акцияларды», «террористік акцияларға», «террористік акциялардың», «террористік акция», «террористік акцияны», «террористік акцияның», «террористік акциядан» деген сөздер тиісінше «терроризм актілерін», «терроризм актілеріне», «терроризм актілерінің», «терроризм актісі», «терроризм актісін», «терроризм актісінің», «терроризм актісінен» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.
ҚР 19.02.02 ж. № 295-II Заңымен 1-бап өзгертілді; 2010.08.04. № 266-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.08.01. № 63-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап жаңа редакцияда
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) адамдар көп жиналатын объектілер - сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;
2) арнаулы мақсаттағы бөлімше - терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;
3) кепілге алынған адам - кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;
Редакция документа
Демо – версия документа