«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 618 Қаулысы (күші жойылды)
«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 маусымдағы № 618 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде):
«Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде:
1-санат «Материалдар, химикаттар, «микроорганизмдер» мен уыттар деген кіші бөлімде:
мынадай мазмұндағы 1А301-бөлікпен толықтырылсын:
«1А301. Уыттарды немесе патогенді микроағзаларды кептіруді қамтамасыз ететін тозаңдату құрғатқышына арналған және мынадай сипаттамалары бар құрал-жабдық:
1) буланған ылғалдылық бойынша өнімділігі 0,4 кг/сағ 400 кг/сағ дейін;
2) орташа типтік өлшемі 10 мкм және штаттық жарақтандырудан кем емес өнімнің бөлшектерін өндіруге немесе тозаңдатқыш саптамасы бар құрғатқыштың ең аз түрлендіру кезінде бөлшектердің қажетті өлшемін өндіруге мүмкіндік беретін қабілеті;
3) алдын ала бөлшектемей зарарсыздандыру немесе дезинфекциялау мүмкіндігі.»;
1С350 «Мыналар секілді токсинді химиялық заттарды жасау үшін пайдалануы мүмкін» деген бөлік мынадай мазмұндағы 60, 61, 62, 63-тармақтармен толықтырылсын:
«60. Метилфосфон қышқылы (993-13-5);
61. Диэтил метилфосфаты (683-08-9);
62. N,N-диметиламинофосфорил дихлориды (677-43-0);
63. Триизопропил фосфиты (116-17-6).»;
мынадай мазмұндағы техникалық ескертпемен толықтырылсын:
«Техникалық ескертпе:
Документ утратил силу
Демо – версия документа