«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 374 Қаулысы
«Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 374 Қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 706-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекешелендiру объектiлерiн сату қағидасында:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) ағымдағы баға - жекешелендіру объектісінің аукциондағы немесе электрондық аукциондағы сауда-саттық барысында қалыптасатын бағасы;»;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) бастапқы баға - әрбір жекешелендіру объектiсi бойынша сауда-саттық басталатын баға;»;
4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аукцион нөмірі - қатысушыға аукционға немесе электрондық цифрлық қолтаңбасы болған кезде электрондық аукционға қатысу үшін берілетін нөмір;
5) аукционшы - аукцион жүргізетін және тиiстi аукциондық сауда-саттық жүргiзу техникасын меңгерген, сатушының қызметкері болып табылады не Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен тартылатын жеке тұлға;
6) алғашқы баға - тәуелсіз бағалаушының бағалау туралы есебін ескере отырып, мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру мәселелері жөніндегі комиссия белгілейтін баға;»;
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
«15-1) кепілдік жарнасы - сауда-саттыққа қатысу үшін жекешелендіру объектісінің алғашқы бағасының 15 %-ы мөлшерінде жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлға енгізетін ақшалай сома;»;
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
«22-1) Тізілімнің веб-порталы - www.gosreestr.kz мекенжайы бойынша Интернет желісінде орналастырылған, Мемлекеттік мүлік тізілімінің (бұдан әрі - Тізілім) жекешелендіру объектілерін сату жөніндегі электрондық дерекқорға бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын интернет-ресурс;»;
Демо – версия документа