«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 бұйрығына 7-қосымша) (күші жойылды)
ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2013 жылғы 12 ақпандағы
№ 08-1-1-1/42-1 бұйрығына
7-қосымша
«Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.
2. «Кеме шетелде сатып алынған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығына уақытша куәлік беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - шет елдердегі мекемелер) ұсынады.
3. Регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:
1) мемлекеттік қызметті алушы - мемлекеттік қызмет ұсынылатын, жеке және заңды тұлғалар;
2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысатын шет елдердегі мекемелерінің жауапты тұлғалары.
4. Мемлекеттік қызметтің ұсынылатын түрі: автоматтандырылмаған.
1) Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Заңының 24-бабы, 8-тармағына;
2) Қазақстан Республикасының «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Заңының 11-бабы 4-тармағына;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Консулдық жарғысының 68-тармағына;
4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысымен бекітілген Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеудің ережесіне;
Документ утратил силу
Демо – версия документа