Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2013 жылғы 12 ақпандағы № 08-1-1-1/42-1 бұйрығына 4-қосымша) (күші жойылды)

ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 2014 жылғы 19 наурыздағы № 08-1-1-1/87 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрінің

2013 жылғы 12 ақпандағы

№ 08-1-1-1/42-1 бұйрығына

4-қосымша



«Шетелде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу»

 мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

 

1. «Шет елде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - Регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1 бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді.

2. «Шет елде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (бұдан әрі - шет елдердегі мекемелер) ұсынады.

3. Регламентте келесі ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттік қызметті алушы - мемлекеттік қызмет ұсынылатын, шет елде тұрақты тұратын немесе уақытша тұрып жатқан (іссапарға, оқуға, тағылымдамаға, келісімшарт бойынша жұмысқа, емделуге немесе жеке істері бойынша келген) Қазақстан Республикасының азаматтары;

2) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызметті ұсыну үдерісіне қатысатын, шетелдердегі мекемелерінің жауапты тұлғалары.

4. Мемлекеттік қызметтің ұсынылатын түрі: автоматтандырылмаған.

5. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» 1991 жылғы 20 желтоқсандағы Заңының 31-бабына;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 27 қыркүйектегі № 217 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Консулдық жарғысының 25-тармағына;

3) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2000 жылғы 18 қазандағы № 221 бұйрығымен бекітілген Шет елдегі Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу жөніндегі нұсқаулыққа;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылы 11 қаңтарда № 6 қаулысымен бекітілген «Шет елде Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алу» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку