«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 7 қарашадағы № 780 бұйрығына 3-қосымша) (күші жойылды)
Денсаулық сақтау министрінің 2013.20.03. № 163 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 7 қарашадағы
№ 780 бұйрығына
3-қосымша
«Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру»
мемлекеттік қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. Осы мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1262 қаулысымен бекітілген «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді.
2. «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы жарнамалауға рұқсат беру » мемлекеттік қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) «Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Департамент) баламасыз негізде мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы (бұдан әрі - орталық), «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнымен (бұдан әрі - сараптама ұйымы) көрсетіледі.
3. Осы Регламентте мынадай анықтамалар қолданылады:
1) құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) - мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын лауазымды тұлғалар;
2) мемлекеттік қызметті алушы - уәкілетті органға мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш жазған жеке немесе заңды тұлға;
3) рұқсат - уәкілетті органмен берілетін, жарнаманы тарату және орналастыру құқығын растайтын құжат;
4) кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өтініш жазған сәтінен бастап құжаттардың қабылдануы мен тіркелуіне жауапты уәкілетті орган қызметкері;
Документ утратил силу
Демо – версия документа