«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1692 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген білім беру ұйымдарын оңтайландыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 1692 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру жүйесін одан әрі оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің академиясы» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Павлодар заң колледжі» мемлекеттік мекемесі «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің оқу орталығы (Павлодар қаласы)» республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
2. 1-тармаққа сәйкес қайта аталатын мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат және бекітілген штат санының лимиті шегінде жүргізіледі деп белгіленсін.
3. «Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің оқу орталығы» мемлекеттік мекемесі таратылсын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 11-1, 16-2-жолдармен толықтырылсын:
«11-1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қостанай академиясы.»;
«16-2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін оқу орталығы (Павлодар қаласы).»;
реттік нөмірі 27-жол алынып тасталсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мемлекеттік мекемелері - аумақтық бөлімшелерінің және оның қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«2. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде:
Демо – версия документа