Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.17.01 № 83 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2012 жылғы 19 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

ҚР Үкіметінің 2012.08.10. № 1268 Қаулысымен мемлекеттік қызмет стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 17 қаңтардағы

№ 83 қаулысымен

бекітілген

 

 


«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру
жөніндегі қызметке лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандарты

(2012.08.10. берілген өзгерістермен)

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - уәкілетті орган) көрсетеді, сондай-ақ ол мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі - ЭЦҚ) болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz  немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: ішінара автоматтандырылған.

3. Мемлекеттік қызмет «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 19-бабы 4-тармағының, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының және «Тарих пен мәдениет ескерткіштеріне археологиялық және (немесе) ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметті лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 маусымдағы № 495 қаулысының негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат:

1) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) www.mki.gov.kz  интернет-ресурсында;

2) уәкілетті органда орналасқан стенділерде;

3) порталда орналастырылады.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты «электрондық үкіметі» call-орталығының ақпараттық-анықтамалық қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку