Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ӘМ ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

Осы редакция 2008 жылғы 28 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінiң

2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен

бекітілген

Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің
Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi туралы
ЕРЕЖЕ
 
1. Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнің шегінде зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң ведомствосы болып табылады.

Комитеттiң негiзгi мiндетi зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау саласында мемлекеттік саясатты iске асыру, Қазақстан Республикасының бiрыңғай патенттік жүйесiн дамытуды қамтамасыз ету болып табылады.

2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкiметінің кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiде бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Комитеттiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастар тарапы болуға құқығы бap.

4. Комитет заңнамада белгiленген тәртiппен өз құзыретiндегі мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады.

5. Комитеттің құрылымын және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

6. Комитеттің заңды мекен-жайы:

473000, Астана қаласы, Қарталы көшесi, 1/1.

7. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi" мемлекеттік мекемесi.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку